Ұстаздар әулетінің ұрпақтары

0
627
Директордың он төрттегі өренге қабілетін бағалаумен бірге Әбекеңнің ұлы ретінде сенім білдіруі де тегін емес-ті. Өйткені Әбекең, Шоғанбектің әкесі Әбдісүлеймен Хасенов сонау жиырмасыншы жылдардың басында Жаркентте ашылған мұғалімдер даярлайтын екі жылдық курсты бітірісімен мектеп ашып, елді жаппай сауаттандырудың алғашқы қарлығаштарының бірі атанған, ескіше-арабша да өте сауатты, латын, орыс әріптерін де жетік меңгерген, майданға аттанғанша талай қазақтың көзін ашқан зиялы азамат болатын. Мұнысын кезінде тал шыбықтай бұралып, он саусағынан өнер тамған, келін болып түскеннен ілтипаты мен ізетіне ризалығынан енесі Майшекер атап кеткен, ақылына ажары сай анасы Нұрқия да құптап, әкесінің жолын жалғастырғанына қуанған. Алдында 13 құрсақ көтеріп, бәрі шетінеп, отағасы Көккемер сайына қоныс тепкен Шоған еліндегі мектепке директор болып барғанда туған осы бір жапырақ ұлының атын ырымдап Шоғанбек қойған. Алла тілектерін беріп, одан кейінгі Нұрқасымы мен қызы Күлшаханын да аман сақтаған. Отағасы Әбекең Ұлы Жеңістің алдында майданда тоғыз рет жараланып, сол аяғынан айрылып, елге оралғанда оның аман-есен келгеніне тәубе еткен. Әкесі келгенде Шоғанбек Қарасаздың қағылез қызы Күләйханға үйленіп те үлгерген-ді. Сол Шоғанбек он сегізге толмай жатып перзентті болғанда бұл кезде мектептегі ұстаздығына қайта оралған әкесі Әбдісүлеймен соғыстың от шарпыған ортасында ауыр жарақатынан өмірі қыл үстінде тұрған өзіне операция жасап, ажалдан аман алып қалған дәрігерінің есімімен тұңғыш немересінің атын Марина қойып, бауырына басқан. Дегенмен, Маринасынан соң Дариясы мен Раясы дүниеге келіп, үш қыздың әкесі атанған, жастайынан зерек, алғыр болып өскен, мектептегі білімімен мұғалім бола берудің жөні келмейтінін ұққан Шоғанбек тәуекелге бел буып, 1949 жылы КазПИ-дің химия факультетіне оқуға түседі де, оны 1953 жылы қызыл дипломмен бітіріп, ауылға оралады. Сонда әкесі Әбдісүлейменнің: «Ә, балам, нағыз ұстаз енді болдың», - деп жиырма бестегі әріптес ұлының арқасынан қағып сүйсінгені бар. Жан-жақты дарынды Шоғанбектің домбырада күй шертіп, ән айтатын, сурет салып, өлең жазатын өнеріне қоса дастан-қиссаларды жатқа айтып, ойын-тойларды қыздырып жіберетін серілігі де бар болатын. Бірақ тағдырға не шара, тікелей қызметін атқарумен қатар ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысып, республикалық газет-журналдарға мақалалар жазып, өлең-әңгімелері жарық көріп, халқына таныла бастаған шақта өмірінің кенеттен үзілуі баршаның қабырғасын қайыстырған. Бұл қарсаңда әкелі-балалы ұстаздар әулетінің дәстүрін жалғастыру еншісіне бұйырған Шоғанбек шаңғырағындағы он бір баланың үлкені Марина сол Райымбек ауданының Сарыбастау селосында әуелі мұғалім, содан соң балабақша меңгерушісі, жұбайы Эпизот колхоздың бас маманы болып жүрген еді. Ал өзінен кейінгі сіңлілері Дария да шет тілдері институтын бітіріп, КазГУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған Рая мен Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі, стоматолог Дариға өз мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Бұл кезде Мадира Қазақ политехникалық институтын енді ғана бітірп жатқан. Міне, арыстай азаматынан айырылған Әбдісүлеймен әулетінің басына түскен қайғысы мен тағдыр ауыртпалығын марқұм Шоғанбектің тұлабойы тұңғышы Марина мен отағасы Эпизот бірге көтерісіп, үлкендеріне сүйеу, кішілеріне қамқор болып, қолдан келген жақсылықтарын аямаған. Тәрбие демекші, Сарыбастау ауылы мен Нарынқолда бір-бір көшенің атын иемденген Әбдісүлеймен ата мен Шоғанбек аға шаңырағының әрбір ұрпағы туралы жеке-жеке жазуға лайық. Нарынқолда Шоғанбек атындағы жүлде үшін жыл сайын оқушылар олимпиадасы өткізіліп, Сарыбастау селосындағы мектептің химия кабинеті Шоғанбек есімімен аталуы да – ұстазға, тұлғаға деген ел құрметінің айғағы. Ал Шоғанбек ұрпақтарының атасы мен әкесі атындағы көше лерін қамқорлыққа алып, мектептегі химия пәнінен үздік оқығандарға арнайы стипендиялар тағайындап, демеушілік көрсетуін сол ел ілтипатына деген перзенттік парыздың бір өтеуі дер едік. Мұрат КҮЛІМБЕТ «Қазақстан әйелдері» 2003 жыл, шілде
Шоғанбек Әбдісүлейменұлы

Қай аймақтың да өз ардақтысы, қадірмені мен қадірлісі болатыны белгілі. Олардың өмірден өзі кеткенмен, артында өлмейтін өнегесі, ісі мен сөзі ұрпағына мұра болып қалып жатады. Міне, қазақтың қасиетті Хан-Тәңірі етегіндегі елдің аузында аңыз болып қалған сондай асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Шоғанбек Әбдісүлейменұлы еді. Ердің жасы – елуге енді толып, еліне тұтқа болған нағыз дер шағында өмірден өткен Шоғанбек те киелі топырағынан талай тұлғаларды түлетіп ұшырған, Мұқағали жырымен исі қазаққа кеңінен танылған Қарасазда өсіп, ашаршылықтың азабы мен қиыншылықтың қасіретін, жоқшылықтың зардабы мен алапат соғыс жылдарының ауыр тұрмысын да сол ауылда бастан кешірген.

Азаматтары Отан қорғауға аттанып, қарттары, әйелдері мен балалары ғана қалған Қарасаздағы жеті жылдық мектепті үздік бітірген Шоғанбекті соғыстың қайнап тұрған кезі қырық екінің жазында директор «Әбекеңнің ұлы сенімді ақтар» деп, майданға кеткен әкесі мен ағаларының орнына мұғалімдікке тағайындайды. Сөйтіп, үйдің шаруасы, колхоздың жұмысы мен мұғалімдікті қатар атқарған Шоғанбек кеше ғана асықты бірге ойнап, тылдағы тірліктің тауқыметін де бірге көтерісіп жүрген  Мұқағали мен Еркін, яғни халқымыздың мақтанышына айналған дара талғант, марқұм Мақатаев пен арқалы ақын Ібітанов тәрізді достарының ұстазы болып шыға келеді.

Азаматтары Отан қорғауға аттанып, қарттары, әйелдері мен балалары ғана қалған Қарасаздағы жеті жылдық мектепті үздік бітірген Шоғанбекті соғыстың қайнап тұрған кезі қырық екінің жазында директор «Әбекеңнің ұлы сенімді ақтар» деп, майданға кеткен әкесі мен ағаларының орнына мұғалімдікке тағайындайды. Сөйтіп, үйдің шаруасы, колхоздың жұмысы мен мұғалімдікті қатар атқарған Шоғанбек кеше ғана асықты бірге ойнап, тылдағы тірліктің тауқыметін де бірге көтерісіп жүрген Мұқағали мен Еркін, яғни халқымыздың мақтанышына айналған дара талғант, марқұм Мақатаев пен арқалы ақын Ібітанов тәрізді достарының ұстазы болып шыға келеді.
Әбдісүлеймен ата

Директордың он төрттегі өренге қабілетін бағалаумен бірге Әбекеңнің ұлы ретінде сенім білдіруі де тегін емес-ті. Өйткені Әбекең, Шоғанбектің әкесі Әбдісүлеймен Хасенов сонау жиырмасыншы жылдардың басында Жаркентте ашылған мұғалімдер даярлайтын екі жылдық курсты бітірісімен мектеп ашып, елді жаппай сауаттандырудың алғашқы қарлығаштарының бірі атанған, ескіше-арабша да өте сауатты, латын, орыс әріптерін де жетік меңгерген, майданға аттанғанша талай қазақтың көзін ашқан зиялы азамат болатын. Мұнысын кезінде тал шыбықтай бұралып, он саусағынан өнер тамған, келін болып түскеннен ілтипаты мен ізетіне ризалығынан енесі Майшекер атап кеткен, ақылына ажары сай анасы Нұрқия да құптап, әкесінің жолын жалғастырғанына қуанған.

Алдында 13 құрсақ көтеріп, бәрі шетінеп, отағасы Көккемер сайына қоныс тепкен Шоған еліндегі мектепке директор болып барғанда туған осы бір жапырақ ұлының атын ырымдап Шоғанбек қойған. Алла тілектерін беріп, одан кейінгі Нұрқасымы мен қызы Күлшаханын да аман сақтаған. Отағасы Әбекең Ұлы Жеңістің алдында майданда тоғыз рет жараланып, сол аяғынан айрылып, елге оралғанда оның аман-есен келгеніне тәубе еткен. Әкесі келгенде Шоғанбек Қарасаздың қағылез қызы Күләйханға үйленіп те үлгерген-ді. Сол Шоғанбек он сегізге толмай жатып перзентті болғанда бұл кезде мектептегі ұстаздығына қайта оралған әкесі Әбдісүлеймен соғыстың от шарпыған ортасында ауыр жарақатынан өмірі қыл үстінде тұрған өзіне операция жасап, ажалдан аман алып қалған дәрігерінің есімімен тұңғыш немересінің атын Марина қойып, бауырына басқан.

Дегенмен, Маринасынан соң Дариясы мен Раясы дүниеге келіп, үш қыздың әкесі атанған, жастайынан зерек, алғыр болып өскен, мектептегі білімімен мұғалім бола берудің жөні келмейтінін ұққан Шоғанбек тәуекелге бел буып, 1949 жылы КазПИ-дің химия факультетіне оқуға түседі де, оны 1953 жылы қызыл дипломмен бітіріп, ауылға оралады. Сонда әкесі Әбдісүлейменнің: «Ә, балам, нағыз ұстаз енді болдың», — деп жиырма бестегі әріптес ұлының арқасынан қағып сүйсінгені бар. Жан-жақты дарынды Шоғанбектің домбырада күй шертіп, ән айтатын, сурет салып, өлең жазатын өнеріне қоса дастан-қиссаларды жатқа айтып, ойын-тойларды қыздырып жіберетін серілігі де бар болатын. Бірақ тағдырға не шара, тікелей қызметін атқарумен қатар ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысып, республикалық газет-журналдарға мақалалар жазып, өлең-әңгімелері жарық көріп, халқына таныла бастаған шақта өмірінің кенеттен үзілуі баршаның қабырғасын қайыстырған.

Бұл қарсаңда әкелі-балалы ұстаздар әулетінің дәстүрін жалғастыру еншісіне бұйырған Шоғанбек шаңғырағындағы он бір баланың үлкені Марина сол Райымбек ауданының Сарыбастау селосында әуелі мұғалім, содан соң балабақша меңгерушісі, жұбайы Эпизот колхоздың бас маманы болып жүрген еді. Ал өзінен кейінгі сіңлілері Дария да шет тілдері институтын бітіріп, КазГУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған Рая мен Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі, стоматолог Дариға өз мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Бұл кезде Мадира Қазақ политехникалық институтын енді ғана бітірп жатқан.

Міне, арыстай азаматынан айырылған Әбдісүлеймен әулетінің басына түскен қайғысы мен тағдыр ауыртпалығын марқұм Шоғанбектің тұлабойы тұңғышы Марина мен отағасы Эпизот бірге көтерісіп, үлкендеріне сүйеу, кішілеріне қамқор болып, қолдан келген жақсылықтарын аямаған.

Тәрбие демекші, Сарыбастау ауылы мен Нарынқолда бір-бір көшенің атын иемденген Әбдісүлеймен ата мен Шоғанбек аға шаңырағының әрбір ұрпағы туралы жеке-жеке жазуға лайық. Нарынқолда Шоғанбек атындағы жүлде үшін жыл сайын оқушылар олимпиадасы өткізіліп, Сарыбастау селосындағы мектептің химия кабинеті Шоғанбек есімімен аталуы да – ұстазға, тұлғаға деген ел құрметінің айғағы. Ал Шоғанбек ұрпақтарының атасы мен әкесі атындағы көше лерін қамқорлыққа алып, мектептегі химия пәнінен үздік оқығандарға арнайы стипендиялар тағайындап, демеушілік көрсетуін  сол ел ілтипатына деген перзенттік парыздың бір өтеуі дер едік.

Мұрат КҮЛІМБЕТ

«Қазақстан әйелдері» 2003 жыл, шілде

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here