«Құрбан Айт — 2018» марафоны

0
1108

Болашақта ауданымызда өтетін ең айтулы шара «Хан Тәңірі» марафонына дайындық ретінде, Хан Тәңірі шыңының етегінде теңіз деңгейінен 2 000 метр биіктікте орналасқан теңдесі жоқ табиғатымен талайларды тамсандырған өңірде Құрбан айт мерекесіне орай өтетін «Құрбан айт – 2018» марафонына баршаңызды қатысуға шақырамыз!

Бағдарламасы:

12:00 — Ашылуы: Алғы сөз

Жарыс ережелерімен таныстыру

Тіркеу, жеке нөмірлерді тарату

14:00 – Сөре (20 км, 10 км)

15:30 – Жарыс қортындысы

Марафонға тіркелу: өтініштеріңізді 8 701 819 20 82; 8 7014029174 телефон нөмірлеріне уатсап арқылы немесе смс арқылы қабылдаймыз. Сонымен қатар, http://uuq.kz/marathon.html сайтында онлайн тіркеулеріңізге болады.

20 км қашықтық бойынша жүлделі орындарға берілетін сыйлықтар:
Бас жүлде: 130 000 тг
1-орын: 70 000 тг
2-орын: 50 000 тг
3-орын: 30 000 тг
4-орын: 20 000 тг

10 км қашықтық бойынша жүлделі орындарға берілетін сыйлықтар:
Бас жүлде: 100 000 тг
1-орын: 70 000 тг
2-орын: 50 000 тг
3-орын: 30 000 тг
4-орын: 20 000 тг

Өткізілу тәртібі: алдын ала тіркелмеген, сөре нөмірі жоқ қатысушыларға жарысқа қатысуға рұқсат берілмейді.

Марафонға кез-келген ерікті қатыса алады. Жас шектеуі 16 жастан жоғары. 18 жасқа толмаған қатысушыларға ата-анасы тікелей жауапты. Ата-анасының жарысқа қатысуына рұқсат етілген қолхаты болу керек.

Марафонға өтініш білдіріп қатысқаннан кейін ұйымдастырушылар денсаулық жағдайыңызға жауап бермейді.

Өтетін жері: Сарыбастау ауылы

Күні: 21.08.2018 ж.

Ұйымдастырушылар: «Ұлағатты Ұрпақ» қоғамдық қоры және Сарыбастау ауылының 1983 жылғы азаматтары

Алдын ала тіркелу уақыты: 18 тамыз 2018 ж. дейін

Тел: Нұрбол 8 7018192082; Айдын 8 7014029174.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here